Өңірде су тасқыны басталғалы бері зардап шеккен тұрғындарға барлық өңірдің азаматтары бірігіп барынша көмектесіп жатыр. Қалалық және облыстық полиция департаментінің жеке құрамы, әскерилер, тжд барлығы күндіз түні жұмыс істеп, адамдарды эвакуацияласа, ел халқы және көрші мемлекеттер жан-жақтан азық түлік, киім кешек жалпы тұрмысқа керекті заттармен зардап шеккендерді қамтамасыз етуде. Бүгінде Орталық мешітте Көкшетау қаласынан келген азаматтар мен мешіт қызметкерлері 300 адамға палау пісіріп, тасқын судан зардап шекендерге таратты.


ОЙРАТ БОЛАТОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Біз Көкшетау жамағаты келіп отырмыз. Петропавл қаласына. Адамдарға көмек жасайық деп едік. Мына жағдайда. 300 адамға міне осылай плов жасап осы жерден Большая малышка деген жердегі адамдар мұқтаж болып жатыр соларға плов жасап жатырмыз.