Петропавл көшелерінде «Polisia» деген жазуы бар қайықтар пайда болды. Бұл бос тұрған үйлерді тонаудан қорғау үшін қажетті шаралардың бірі. Су тасқыны аймағында қоғамдық қауіпсіздікті сақтауды полицейлер күн сайын жүргізеді. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі әзірлеген бейнематериалға назар аударайық.


Жылда су басатын аймақтарда эвакуациялау бойынша шаралар алдын ала қолға алынған. Ойқала ауданындағы бөгетті судың шаюы күтпеген жағдай болды. Сол себепті жедел әрекет етуге тура келді. Полицейлер құтқарушыларға жан-жақты көмек көрсетіп, адамдар мен құндылықтарды шығаруға көмектесті. Қазіргі уақытта аудан қоршалған. Су басқан көшелер де бақылауға алынған. Патрульдеу қалалық әкімдік бөлген қайықтармен жүргізіледі. Потанин көшесінде қатты ағыс және қоршаулардың, жиһаздардың бөлшектері қалқып жүргендіктен сумен жүзу қауіпті. Қала маңындағы Куйбышев орман шаруашылығы мен Тепличный ауылдарда да дәл осындай жағдай.


Дәурен Ыбыраев, Петропавл қ. ПБ екiншi полиция бөлiмiнiң бастығы:

- Қазіргі таңда Петропавл қаласының қызметкерлері Куйбышев ауданынан 456 адамды эвакуациялады, 156 үй күзетке алынды. Құқықбұзушылықты болдырмау үшін барлық іс-шаралар жүргізілуде. Жалпы жағдай қалыпты.


Қызылжар ауданындағы бірқатар ауылды да су басқан. Адамдар қалдырған үйлер полицияның күзетінде болады.


- ДП патрулирует данный участок. Подайте сигнал! Если есть тут оставшиеся люди, подайте сигнал! 


Бұл полицияның браконьерлермен күресуге арналған қайығы. Оны табиғатты қорғау полициясының қызметкері Виталий Охрименко тізгіндеген. Су астында Тепличный ауылының көшелері жатыр.


Виталий Охрименко, СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы:

- Жалпы алғанда мұндай жағдайда алғаш рет жұмыс істеуге тура келіп тұр. Қандай да бір заң бұзушылықтар анықталмады, тек су басқан аумақта қалып қойған жануарлар ғана құтқарылды, сонымен қатар тұрғындарға да көмек көрсетіледі. Мысалы, үйде ит немесе мысық қалса, үй иесі бірге барып, қайда жүзу керектігін көрсетеді.


Полицейлер су басқан аймақтарда болуға тыйым салынғанын еске салады. Суда қалған мүлікті көруге ТЖ штабының рұқсатымен және билік өкілдерінің еріп жүруімен ғана баруға болады. Бұл бос тұрған үйлерді тонаудан қорғау үшін қажетті шаралардың бірі. Су тасқыны аймағында қоғамдық қауіпсіздікті сақтауды полицейлер күн сайын жүргізе