Негізгі Жаңалықтар Облыста 1800-ден астам оқушы қашықтан білім алып жатыр

Облыста 1800-ден астам оқушы қашықтан білім алып жатыр

Өңірде су тасқынына байланысты екі ауданның және Петропавл қаласының жалпы жеті мектебі онлайн оқыту форматына ауыстырылды. Қазір Петропавл қаласының №13 орта мектебінде -163 оқушы, Есіл ауданының «Покровка орта мектебінде»– 215 оқушы, Қызылжар ауданының 5 мектебінің балалары жалпы 1801 оқушы қашықтан білім алып жатыр. Облыста ешбір мектепке тасқын судан зақым келмеген. Алайда, жолдардың шайылуына байланысты 6 ауданның 8 мектебінде балаларды тасымалдау тоқтатылды. Сабақтар аралас форматта өтіп жатыр. Алыста тұратын 78 оқушы үшін қашықтықтан оқыту ұйымдастырылған.


Бөлісу