Шал ақын ауданында қауіпті аймақта 81 үй мен 109 тұрғын бар. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еркебұлан Мәмбетов ауданда төтенше жағдайдың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды көрді.
Шал ақын ауданында Мәжіліс депутаты Еркебұлан Мәмбетов адамдарды уақытша орналастыру пунктерінің жұмысын көрді. Эвакуациялық пунктер барлық қажетті заттармен жабдықталған. Атап айтқанда, интернеттен бастап, медициналық керек-жарақ пен адамдардың қолайлы өмір сүруі үшін жағдай жасалған.
ЕРКЕБҰЛАН МӘМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
- Біздің мақсатымыз су тасқынына дайындық жұмыстарын пысықтау. Осыған байланысты аудан тұрғындарымен кездесіп, жағдайларын білеміз. Су басу қаупі проблемасы жыл сайын көтеріліп, қарапайым жұрттың тыныштығын бұзады. Ал жергілікті атқарушы органдар су тасқынына байланысты бірқатар жұмыстарды тындырғанымен нәтиже көңіл көншітппей тұр. Мәселе заңдық тұрғыда да бар.
Іссапар барасында Мәжіліс депутаты өңірдегі ең ірі Сергеев су қоймасында болды. Сондай-ақ Городецкое ауылындағы су бұруға арналған ұңғыманың жұмысын көрді. Оның ұзындығы 2,5 киллометр, бұл еріген қар суын ұстау үшін салынған.
ЕРКЕБҰЛАН МӘМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
- Бүгін біз Городецкий ауылдық округіндеміз. 2017 жылдың тәжірибесіне сүйене отырып, бөгет салу жұмыстарын жергілікті атқарушы билік пен әкімдік жүзеге асырды. Су басудың алдын алу үшін биіктетіп жатыр.
Қазір ауданда су тасқынына дайындық жұмыстары күшейіп, жедел әрекет ету тобы да жасақталған.