4 сәуір күні кешкі сағат 21:00 шамасында Сергеев су қоймасы толып, суы ернеуінен асты. Мол су 8-10 күннен кейін Петропавл су қоймасында да жетпек.
Қазгидромет РМК(Республикалық мемлекеттік кәсіпорны) облыстық филиалының мәліметінше, бір тәулікте Тоқсан Би елді-мекенінің маңында Есіл өзені 4метр 92 см көтерілген. Қазіргі таңда ол жердегі су деңгейі жалпы 1202 см құрап отыр, қауіпті дейгейге 600 см қажет. Крещенка ауылындағы Есіл өзені деңгейі де 194 см артқан.Сонымен қатар Бабық Бұрлық, Аққанбұрлық, Шарық, өзендерінің су деңгейі де көтеріліп келеді.