Өңірде қасиетті орын саналатын ерекше су қоймасы бар. Ол Уәлиханов ауданында орналасқан Теке көлі. Қатты аязДА да қатпайтын тұзды көл өңірдің сакралды картасына енгізілді.


Теке көлінің жалпы аумағы Петропавлдан үлкен. Ең терең жері небәрі - 1 метр. Бұл көлдің суы қасиетті саналады, жаз кезінде мұнда тұрғындар мен ресейліктер емделуге келеді. Кезінде батырлардың өзі мұнда жараларын емдік балшықпен жазған. Тағы бір ерекшелігі, 1 литр суында 300 граммға дейін тұз бар. Оның суы Өлі теңіз суының құрамымен бірдей. Сондай-ақ көлде шаян тәріздес жәндік - артемия салина мекендейді. Ол тек экологиялық таза, тұздылығы жоғары көлдерде кездеседі.