Ақан сері атындағы облыстық филармонияДа ҚР Халық әртісі, атақты күйші, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияның профессоры Айгүл Үкенбаеваның шәкірттері концерт қойды. Музыкалық кеш барасында қазақтың ең танымал және үздік деген шығармалары орындалды.


Алматы қаласы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұжымы Петропавлға алғаш рет келіп отыр. Концертте белгілі домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, қазақ күй өнерінің саңлағы Айгүл Үлкенбаеваның 20-дан астам магистрант шәкірті өнер көрсетті.


ҚАЙЫРЛЫ ҒАФУРОВ, Е.СЕРКЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ ӨНЕР КОЛЛЕДЖІ-ӨНЕРДЕ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Айгүл НарманқызыҮлкенбаева қазақ өнеріне оның ішінде күй өнеріне зор үлес қосып жүрген жандардың бірі. Кезінде Дина Нүрпейісовалардың жолын жалғайтын танымал кісі, ұлы тұлғалардың бірі. Сонымен қатар Консерваторияның аға оқытушысы, PHD Ержан Ерболатұлы Жәмеңкеев деген азамат келіп отыр. Ол кісі біздің Қазақстандағы танымал «HASSAK» фольклорлық ансамблінің құурышысы. Олар да өнерн көрсетеді.


Консерватория ұжымы бүгінгі концерті «Moodle 215. DEM AL» деп атады. Яғни, домбырашылар көрермендерге «тынығыңыздар, музыкадан рухани азық алыңыздар және жанға тыныштық сыйлаңыздар» дегісі келеді.


ЕРЖАН ЖӘМЕНКЕЕВ, ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ:

- Біз былтыр ғана ұстазымыз Айгүл Үкенбаевамен бірге «Moodle 215» деген жобаны бастадық. Ол недеген сөз? Яғни қазіргі домбырашылардың моделі қандай болуы керек деген сұраққа жауап береміз. Заман өзгеріп жатыр. Көптеген мамандық түрі ысырылып қалып жатыр. Осы уақытта, домбырашы қандай болуы керек? Сол туралы осы концертте тарқатып айтамыз. Бұл негізі өзінше бір құпия атау.


Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваторияның ұжымы бұған дейін жергілікті Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжінде болып, студенттерге шеберлік сағатын өткізді.