Петропавлда Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ҚР чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 1750 палуан қатысып жатыр. Спорттық додада 13-15 және 18-20 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар бақ сынайды.


Қазақстан чемпионатында өнер көрсетіп жатқан балуандардың осалы жоқ. Әрбірі аймақтардан іріктеліп, кіл мықтылары сайыста бас қосқан. Жарыста Түркістан өңірінің намысын Дәулет Қуанышбек қорғады. Ол 52 келі салмақ дәрежесінде күш сынасты. Жетісулық қарсыласының жамбасын жерге тигізіп, осылайша таза жеңіске қол жеткізді.


ДӘУЛЕТ ҚУАНЫШБЕК , ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ, ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ:

- Осы спортпен 11 жыл қатарынан заниматься етіп келемін. Аллаға шүкір бүгін молодежка 2024-те 3 орын алдым 52 кг салмақта. Тренерлеріме көп-көп рақмет.


Қазақстан чемпионатына жалпы 20 команда қатысып жатыр. Спорттық додада 13-15 және 18-20 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар 11 салмақ дәресежі бойынша күш сынасады.


БЕРІК ШАЛАБАЕВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ ТӨРЕШІ:

- Бірінші орын алған балуандарға Қазақстан республикасы спорт шебері беріледі және Қазақстан құрамасына кіргізіледі. Осы U-20 дейтін балуандарымыз олар екі күн өтеді. Бүгін және ертең бітіреміз. Және үші мен төрті U-15 дейтін палуандарымызды бастаймыз.


ҚР чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінген балуандар Әлем және Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.


Алмагүл Тастанова