Екатеринбург-Алматы және Жезқазған – Петропавл жолдарының кей учаскелерін жылда су шайып кетеді. Былтыр бұл автожолдарға 4 су құбыры орнатылған. Алайда биыл да бұл жолдарды су шайып өтуі мүмкін деген болжам бар.


Төтенше жағдайдың алдын-алу мақсатында жауапты мамандар аталған участкелерге 500 текше метр көлемінде инертті материалдар мен 400 қап құм дайындап қойды.


ҚАНАТ ӨСЕРБАЕВ, “ҚАЗАВТОЖОЛ” ҰҚ” АҚ СҚО ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ.

- Екатеринбург-Алматы жолын Қостанайдан келген еріген қар суы шайып кетеді. Кейін ол Жезқазған-Петропавл жолынан өтіп Есіл өзеніне қарай ағады. Ертең яғни 3ші сәуір күні ауа температурасының жылынуына байланысты үлкен көлемде су келуі мүмкін деп болжанып отыр.Сол себепті барлық автокөлік жүргізушілерін жолға шықпас бұрын қозғалыстың шектелмегенін нақтылап білулерін сұраймыз.