Өңірде 21 наурыздан бастап «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. 8 күн ішінде 221 өңір тұрғыны ішімдік ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Мас күйінде көлік жүргізгені үшін 17 жүргізуші әкімшілік қамауға алынды.
«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер есепте тұрған адамдарды, тұрмысы қолайсыз отбасыларды тексеруде. Сондай-ақ қараусыз қалған үйлер, жалдамалы баспана, қаңғыбастар паналайтын орындар да басты назарда. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар тарапынан әкімшілік қадағалау ережелерін бұзудың 4 дерегі анықталған. Отбасылық жанжалқойлар қорғау нұсқамасының 11 рет бұзған.
Ал мына мекенжайды тексеру кезінде темекіге жатпайтын өнімді заңсыз сату фактісі анықталды. Пәтерден насыбайдың 15 бумасы тәркіленіп алынды. Полицейлер оны сатуға заңмен тыйым салынғанын еске салады.
Дулат Теміртасов, Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөлімі ЖПҚ бөлімшесі бастығы орынбасарының міндетін атқарушы:
- Үй-үйді аралау кезінде Екінші полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы әкімшілік учаскеде он бес бума көлеміндегі тыйым салынған шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз саудалау фактісін анықтады. Бұл үшін құқық бұзушыға әкімшілік кодекстің жүз тоқсан алтыншы бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы кезінде қоғамдық орындарда адамдардың қауіпсіздігін нығайтуға, алкогольге қарсы заңнаманы бұзатындармен күреске мән беріледі. Жаяу жасақтар жұмысының және тұрғындардың шақыртуларына ден қойып, шаралар қабылдаудың нәтижесінде 8 күн ішінде 221 солтүстікқазақстандық ішімдік ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болғаны үшін жауапкершілікке тартылған. 94 адамды уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастыруға тура келген. Мас күйінде көлік жүргізгені үшін 17 жүргізуші әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылған.