Мемлекет басышысы Қ.Тоқаев биыл жалпы ішкі өнімді екі есеге көбейтуді тапсырған.Осыған байланысты өңірде қазір көктемгі дала жұмыстарына дайындық қызу жүріп жатыр. Биыл облыстағы егіс алқабының жалпы АУМАҒЫ 4,5 млн гектарды құрамақ. Бұл туралы ҚР ауыл шауарышылығы министрі Айдарбек Сапаров пен өңір басшысы Ғ.Нұрмұхамбетовтың қатысуымен өткен семинар-кеңесте айтылды. Көктемгі егістің биылғы ерекшеліктері неде? Ауыл шауашылығы техникалары дайын ба? Әріптесім Жансая Қайыпова тарқатсын.


Биыл елімізде ауыл шаруашылық дақылдары 23 млн 800 мың гектар жерге егілмек. Егіс алқаптарын әртараптандыруға байланысты бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 209мың гектарға азайған. Облыс әкімдерінің берген мәліметіне сай, елімізде майлы дақылдардың егістік көлемі 385 мың гектарға ұлғаймақ. Алайда, ауыл шаруашылығы министрі А.Сапаровтың сөзінше еліміздің аграрилері әлі де көрші елдердің диқандарымен бәскеге түсуге қабілетті емес.


АЙДАРБЕК САПАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:

- Еліміздегі ауыл шаруашылығын дамытуға бірнеше мәселе кедергі. Атап айтар болсам, елде статистикалық мәліметтер бұрмаланады. Яғни, қағаздағы сандар мен іс жүзіндегі жұмы сай келмейді. Енді бұл қатаң тексерілетін болады. Және ел диқандары егістік алқаптарына тыңайтқыштарды талаптарға сай сеппейді.Ал көршілес елдер керісінше тыңайтқышты өте көп мөлшерде қолдануының арқасында жақсы өнім алады. Және егістік алқаптарында 80 пайыз ескі техника қолданылады. бізде жылда егіннің өнімділігі гектарына 9-10 центнерден аспайды. Ал көрші елдерде бұл көрсеткіш 20-25 центнер. Сондықтан да бізде өнімнің өзіндік құны жоғары.


Айдарбек Сапаровтың сөзінше, елімізде мал өсіруде де жіберілетін қателік көп. Біздегі ірі қара малдың салмағы төмен. Минстрдің сөзінше, кәсіпкерлер жем-шөп дайындайды,бірақ микро және макро қоспалар қоспайды. Осы мәселелерді шешу мақсатында арнайы жол картасы әзірленіп облыс әкімдері мен жауапты мамандарға тапсырма берілген.


АЙДАРБЕК САПАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:

- Мемлекет басшысының жалпы өнім көрсеткішін екі есеге арттыру тапсырмасын орындау мақсатында бірқатар жоспар бекітілді. Биыл тыңайтқыш сіңіру бір жарым млн тоннаға дейін көбейтілмек. Былтыр тек 600мың тонна еді. Ал СҚО егістік алқаптарына 256 мың тонна тыңайтқыш сіңіреді. Аграрилерді тыңайтқышпен уақытылы қамтамасыз ету мақсатында мемлекет тарапынан қолдау болады. Жемқорлықтың алдын-алу үшін отандық тыңайтқыштарға аванстық субсидия беріледі. Яғни, жаңа мехинизмге сай диқандар зауыттардан тыңайтқыштың тек 40 пайыз ақшасын төлеп ала-береді. Қалған ақша мемлекеттен сол зауытқа бірден аударылады.


Биыл облыстағы егістік алқабының жалпы көлемі 4,5 млн гектар. 3,4 млн гектарға астық, 751 мың гектарға майлы дақылдар егілсе, 379мың гектары жеп-шөпке берілмек.


МАРАТ ТАСМАҒАМБЕТОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Климаттық көрсеткіштердің нәтижесіне сай күз, қыс пен көктемнің басында облысқа көп мөлшерде жаңбыр жауды. Осыған байланысты кей жерлердің ылғалдылығы 164 мм құрайды. Бұл негізгі талаптардан жоғары көрсеткіш. Былтыр егін жинау науқанында өңірде қолайсыз ауа-райы болды. Бұл дәннің сапасына да өз әсерін тигізді. Қазір 485 мың тонна тұқым дайын. Көктемгі дала жұмыстарына техника 91 пайызға дайын. Және мемлекет тарапынан өңірге 53 мың тонна төмендетілген бағамен жанармай беріліп отыр.


Аққайың ауданында да көктемгі егіс жұмыстарына дайындық қызу жүргізіліп жатыр.Ауданда биыл 227 мың гектарға егін егілмек. Биылғы егіске 3100 элиталық тұқым сатып алынған.


РҮСТЕМ ЕЛУБАЕВ, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Егіс алқаптарына 13200 тонна тыңайытқыш сіңірлмек. Қазіргі уақытта аудандағы техникалар 98 пайызға дайын. Биыл 6,1 млрд теңгеге жаңадан 160 техника мен құрал-жабдық сатып алынбақ.


СҚО аграрлы аймақ. Алайдав, жиында өңірде тек егінді ғана емес сонымен қатар мал шаруашылығын да дамытуға көңіл бөлу керек екені тілге тиек етілді.


ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Біздің кәсіпкерлер бүгінгі жиында айтылған ақпараттардың барлығын түсініп, өз тәжірибесінде қолданады деп ойлаймын. Былтыр ауа-райының қолайсыздығы әрине жиын-терімге өз әсерін тигізді. Биыл барлық диқандарға көктемгі егіс науқанын жақсы өткізіп, сапалы әрі жақсы өнім алуға тілектеспін. Себебі, мемлекет тарапынан қолдау бар. Осы мүмкіндіктерді пайдалана білу керек.


Жиын соңында аграрилерге арамшөптермен күресуде агротехникалық және химиялық қорғау шараларының барлық кешенін мерзімі мен сапасын сақтауға ерекше назар аудару қажет екені айтылды. Себебі, бұл ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.