Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай «Qyzyljar» телеарнасының директоры, корпарация басшылығы мен өз атынан еңбегімен ерекшеленген бірқатар ұжым қызметкерлерін марапаттады. Биыл телестудия үшін де ерекше жыл – арнаның құрылғанына 65 жыл толып отыр.
БАҚ қызметкерлері күні – экран мен эфирдің ар жағында көзге көрінбей еңбек етіп жүрген жандарға алғыс білдіретін күн.
Бұл күні қоғамға шынайы ақпарат пен мазмұнды хабар таратып жүрген тележурналистердің еңбегі ескерусіз қалмады. Салтанатты шарада редакторлар, операторлар мен бейне монтаждаушылар лайықты марапатқа ие болды. Олар — өңірдің ақпарат айдынын айқын әрі өзекті ете білген кәсіби мамандар. Мерекелік жиын барысында «Qyzyljar» телеарнасының өңірлік медиакеңістікті дамытуға қосқан елеулі үлесі ерекше аталып өтті.
Арна директоры Рәзия Ыдырысбаева ұжымды құттықтап, алда тың жобалар мен жаңа телемаусым, сонымен қатар цифрлық платформаларды дамыту жолында ауқымды жұмыстар күтіп тұрғанын атап өтті.
СНХР: АЯУЛЫМ ЖОЛМҰҚАНОВА, «QYZYLJAR» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ШЕФ РЕДАКТОРЫ