Биыл «Soltüstik Qazaqstan» газеті өзінің 105 жылдық мерейтойын атап өтуде. Айтулы мерекеге орай редакция ғимаратында ғасырдан астам тарихы бар газеттің қалыптасуы мен дамуынан сыр тарқатар шағын мұражай салтанатты түрде ашылды.
Мұражайдың ашылуына өңірдің зиялы қауым өкілдері мен БАҚ –ның мамандары қатысты. Музейге әр жылдары қара шаңырақта еңбек еткен журналистердің қолданған заттары мен тарихи құжаттар қойылған. Соғыс жылдарында редакциядан 6 қызметкер майданға аттанып, олардың қолданған заттары музейде сақталған. Ұжымнан бірнеше құрметті азаматтар мен депутаттардың шығуы – ұжымның үлкен беделі мен кәсіби деңгейінің айқын белгісі болып табылады.
СНХ:ЕРБАҚЫТ АМАНТАЙҰЛЫ, «ҚЫЗЫЛЖАР-АҚПАРАТ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Салтанатты жиынға газеттің бұрынғы қызметкерлері де қатысты. Солардың бірі зейнеткер Шашубай Малдыбаев. Ол редакциядағы тілшілік жұмысты 1970 жылы бастаған. Кейіннен бөлім меңгерушісі болып қызмет етіпті.
СНХ:ШАШУБАЙ МАЛДЫБАЕВ, АРДАГЕР
Музейге газеттің оқырмандары, онда бұрын қызмет атқарған журналистердің ұрпақтары және жергілікті университеттің журналистика факультетінің студенттері келіп, таныса алады.