Облыс полицейлері жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін талқылады. Оған қаладағы қоғамдық көлік парктерінің басшылыға қатысты. Толығырақ, облыстық полиция ведомствосының баспасөз қызметі материалында.

Жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментіндегі автобус парктерінің басшыларымен жұмыс кездесуінің тақырыбы болды, оған СҚО ПД бастығының орынбасары Құрманғали Ысмағұлов және СҚО прокурорының бірінші орынбасары Әбу-Али Саттар қатысты. Сондай-ақ мүдделі ұйымдардың өкілдері де кездесуде болды.

СНХ: СЕРІК ӘЛЖАНОВ — СҚО ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ 


Кездесу азаматтардың қауіпсіздігін арттыру үшін бүкіл қоғамның күш-жігерін шоғырландыруды талап ететін «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өткізілді.

СНХ:УӘЛИХАН ОРАЗАЛИН — СҚО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Құрманғали Ысмағұлов өз сөзінде облыстық ПБ басшылығы аудандық полиция бөлімдеріне жергілікті тасымалдаушылармен қоғамдық көліктердің қауіпсіздігі мәселесін пысықтауға нұсқау берілгенін атап өтті.