Петропавлда «дерматовенерологтардың, дерматокосметологтардың және лепрологтардың 20 өңірі» атты XVI – XVII өңірлік ғылыми-білім беру форумы ұйымдастырылды. Жиын Дүниежүзілік витилиго күні аясында отандық мамандардың, сала ғалымдарының, сондай-ақ жас дәрігерлердің қатысуымен өтті.

Қазіргі таңда әлемде лепра ауруының 200 мыңнан астам жағдайы тіркелген. Мамандардың айтуынша, оған халықтың миграциясы себеп. Соңғы жылдары бұл аурудың белгілері Қазақстан тұрғындарынан да байқала бастаған.

СНХ: МОЛДАҒАЛИ СЕЙТАЛИЕВ, ҚР ДСМ" ҚАЗАҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЛЕПРОЗОРИЙІ " ММ БАСШЫСЫ


СНХ: СӘНИЯ ОСПАНОВА, ҚАЗАҚ ДЕРМАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ

Айта кетейік, мұндай өңірлік форумдар 2015 жылдан бастап әр өңірде өткізіліп келеді. Келесі жиын Ақтөбе қаласында өтеді.