Ішімдік атаулыдан бас тарту — қоғамдағы тәртіп пен денсаулықты нығайтудың басты қадамдарының бірі. Салауатты өмір салтын насихаттаған «Ішімдіксіз ауыл» челленджі Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында басталып, бүгінде өзге өңірлерге де үлгі бола бастады. Бұл бастаманы Шал ақын ауданының Еңбек ауылы ресми түрде қабылдап отыр.
Еңбек – табиғаты көркем, халқы еңбекқор, шағын ғана ауыл. Мұнда барлығы 19 үй бар, 64 тұрғын өмір сүреді. Ауыл халқының татулығы мен тәртіпке деген жауапкершілігі ерекше. Ішімдіксіз өмір салтын ұстанған елді мекенде қоғамдық тыныштық орнаған. Бұл тәртіп пен тыныштықты учаскелік инспектор да растайды.
СНХР: АЗАМАТ ИШМАТОВ, НОВОПОКРОВКА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ
Ауылдың бүгінгі тыныштығы – оны мекендеген жандардың ортақ ұстанымы мен саналы өмір салтының жемісі. Солардың бірі – Оразбай Жанғарин. Еңбек ауылының тумасы, ес білгелі осында өсіп, білім алып, отбасын құрған. Бұрын осы ауылда 23 жыл бойы мектепте ұстаз болып еңбек еткен. Оның айтуынша, ауылдағы тәртіп пен тыныштықтың орнауына жастардың да қосқан үлесі зор.
СНХР: ОРАЗБАЙ ЖАНҒАРИН, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын қолдағандардың қатарында Еңбек ауылының тұрғындары да бар. Мемлекет басшысы: «Заң мен тәртіп елде қарапайым нәрселерден басталады — таза әрі қауіпсіз көшелер мен аулалардан, жергілікті билік, кәсіпкерлер мен қоғам белсенділерінің өзара ынтымақтастығынан. Осындай жергілікті қауымдастықтардың өзін-өзі ұйымдастыруы мен жауапты азаматтығының үлгісін қолдау маңызды», — деп атап өткен болатын.
СНХР: НҰРБЕК НӘБИЕВ, ШАЛ АҚЫН АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Салауатты өмір салтын насихаттаған «Ішімдіксіз ауыл» челленджі бүгінде өңірден өңірге жалғасып, ел көлемінде қолдау тауып жатыр. Егер Есіл ауданында бұл бастама жергілікті деңгейде көтерілсе, Шал ақын ауданында Президент тапсырмаларын орындау аясында екі күннің ішінде нақты іске асып отыр.
СНХР: АЛДАН ЖАЛТЫРОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
Енді бұл игі бастама Қарағанды облысына жолданды. Онда челленджті ресми әрі салтанатты түрде қабылдау жоспарланып отыр. Осылайша, бастаманы Қазақстанның барлық аймақтары қолдайды деп күтілуде. Мұндай үлгілі қадамдар — ел ішіндегі тәртіп пен жауапкершіліктің, ынтымақ пен салауатты болашаққа деген ұмтылыстың нақты көрінісі.