Ыстықкөл жағасында «Zhuldyz Art Kazakhstan» халықаралық байқау-фестивалі өтті. Дәстүрлі өнер додасына Қазақстан мен Қырғызстанның 12 қаласынан келген үздік би ұжымдары қатысты. Солтүстік Қазақстан облысының атынан сынға түскен «Алуа» халық би ансамблі өңір намысын абыроймен қорғап, байқаудан жүлдемен оралды. Жеңімпаз өнерпаздарды Петропавл теміржол вокзалында ата-аналары мен жақындары, өнерсүйер қауым салтанатты түрде қарсы алды.

 «Алуа» халық би ансамблі — халықаралық өнер додаларында жыл сайын ел намысын абыроймен қорғап жүрген өнер ұжымы. Биыл да дәстүрінен жаңылмай, ансамбль «Zhuldyz Art Kazakhstan» халықаралық байқау-фестиваліне қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетті.

СНХР: ЖАННА ТЕМІРБАЕВА, «АЛУА» ХАЛЫҚ БИ АНСАМБЛІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ


Фестивальде «Алуа» ансамблінің 8 бен 15 жас аралығындағы екі жас санатындағы би топтары өнер көрсетті. Ұжым педагогтары Алёна Зиль мен Анар Сабдинованың жетекшілігімен байқауға 5 би нөмірі дайындалды. Нәтижесінде, ансамбль бір үшінші орын, үш бірінші орын және бір Гран-при жүлдесін жеңіп алды.

СНХР: ДАМЕЛЯ БАУЫРЖАН, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУ-ФЕСТИВАЛЬДІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ


Халықаралық байқаудан кейін балалар жазғы сауықтыру лагерінде демалады. Демалыстан кейін ұжым жаңа би қойылымдарын дайындап, жаңа белестерді бағындыруға кіріседі.