Облыстық мәслихаттың 27-сессиясы өтті. Күн тәртібінде қаралған сұрақ – 2024 жылғы облыстық бюджеттің игерілуі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша кіріс бөлімі шамамен 488 млрд теңгені құрады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 44,8 млрд теңгеге артық
Солтүстік Қазақстан облысы бюджетті игеруден республика бойынша көш бастады. Денсаулық сақтау саласына 20,7 млрд теңге, спорт саласына 18,8 млрд, ауыл шаруашылығына шамамен 69 млрд, инфрақұрылымға 63 млрд, ал әлеуметтік қорғауға 17,3 млрд теңге бөлінді.
СНХР: ҚАЙРАТ СЕЙТҚОЖАЕВ, СҚО БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Облыста білім беру саласына да айрықша көңіл бөлініп отыр. Өткен жылы бұл бағытқа шамамен 169 млрд теңге қарастырылды. Оның ішінде 6,3 млрд теңге – күрделі жөндеуге, 5,4 млрд – материалдық-техникалық базаны нығайтуға, 11,7 млрд теңге – жаңа нысандар құрылысына бөлінді.
СНХР: ҚАЙРАТ СЕЙТҚОЖАЕВ, СҚО БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Депутаттар бюджеттің орындалуын оң бағалап, қаражаттың тиімді жұмсалғанын атап өтті. Сондай-ақ, алдағы уақытта да осы қарқынды сақтап қалу қажет екенін айтты.