2019 жылғы 26 қарашада Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларының бірінші пакеті АЯСЫНДА квазимемлекеттік және жеке сектор ұйымдарында жауапты сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институты енгізілді. Бұл норма квазимемлекеттік сектор субъектілеріне міндеттелген болса, жеке бизнес өкілдерінің таңдауы өз еркінде.


Комплаенс менеджер - бұл мамандық әлемдік тәжірибеде соның ішінде АҚШ және ЕО елдерінде едәуір уақыттан бері қолданылып келеді. 2019 жылғы 26 қарашада Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларының бірінші пакеті АЯСЫНДА бұл институт Қазақстанда да енгізілді. Ал біздің өңірімізде ол өткен жылы жұмыс істей бастады. Жалпы комплаенс мамандығының басты міндеті – жемқорлыққа, алаяқтыққа жол бермеу, оның алдын алу үшін арнайы профилактикалық іс-шаралар ұйымдастыру. Сонымен қатар қызметкерлердің этикалық тәртіп нормаларын қадағалау.


ЕРЛАН ӘБІЛКӘРІМОВ, ҚАЛАЛЫҚ №1 ЕМХАНАНЫҢ КОМПЛАЕНС МЕНЕДЖЕРІ:

- Біздің мамандық облысымыздағы квазимемлекеттік ұйымдарда өткен жылы енгізілген. Мен қалалық №1 емханада комплаенс менеджер болып қызмет атқарамын. Менің міндетіме жемқорлықтың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар, семинарлар өткізу кіреді. Сонымен қатар, біз мемлекеттік сатып алу саласын да тексерістен өткіземіз. Алынған барлық препараттар мен дәрілер құжатқа сәйкес болуы тиіс».


Іс- шара әр салада қызмет атқаратын комплаенс менеджерлердің басын қосты. Айта кетейік, бұл облысымызда өтіп жатқан ең алғашқы квазимемлекеттік комплаенс менеджерлерінің мектебі. Айгерім Қанапинованың айтуынша, комплаенс менеджер атану үшін арнайы курстан өтіп сертификат алу қажет. Ал бұл мамандықтың сарапшысы болу үшін жарты жыл білім алу керек.


ӘЙГЕРІМ ҚАНАПИНОВА, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ КОМПЛАЕНС МЕНЕДЖЕРІ:

- Әрине, менің тәжірибемде бар комплаенс офицері қызметі. Ашық қоғамдық мекемелерде жұмыс істедім. Сондықтан облыстық көпбейінді аурухананың басшысы мені шақырды. Біздің назарымызда сонымен қатар, Кардиологиялық, перинаталдық , анкологиялық орталық кіреді. Осы төрт мекемеде осы лауазымда жұмыс істеймін. 


Іс-шараға қатысқандарға арнайы сертификаттар табыс етіледі.