Облыс әкімі жұмыс сапарымен Жамбыл ауданына барды. Өңір басшысы әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарды аралап, олардың жұмысын көріп, Пресновка ауылында "Жас қыран" дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу салтанатына қатысты.


Владимир Лагода 19 жылдан бері жиһаз өндірісімен айналысады. Бүгінгі таңда оның кәсіпорнында 6 адам жұмыс істейді. Мұндағы орташа жалақы - 150 мың теңге.


ВЛАДИМИР ЛАГОДА, «ЛАГОДА В.П.» ЖК ДИРЕКТОРЫ:

- Негізінен біздің өнімда Жамбыл ауданының тұрғындары алады. Қостанай облысынан да келіп әкетіп жатады. Облыс орталығы тұрғындарыннан да тапсырыс бар. Жиһазды жеткізіп береміз.


Ұлыстың ұлы күніне орай Пресновка ауылында "Жас қыран" дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу салтанаты өтті. Жаңа нысан жыл басында пайдалануға берілді.


СТАНИСЛАВ ПОЛЕВНИЧИЙ, ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Қазіргі таңда біздің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 486 оқушы тәрбиеленіп жатыр. Жалпы жас ерекшеліктері 6 жастан 18 жасқа дейін. Олар біздің орталықта спорттың 10 түрі бойынша жаттығады. Атап айтсақ қазақ күресі, еркін, грек-рим және ауыр атлетика, баскетбол, волейбол.


Кешенде "асық ату", "тоғызқұмалақ", үстел теннисі және қазақ күресінен ашық турнирлер өткізілді.


ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Қасиетті Рамазан айымен қатар келіп жатыр. Енді ораза ұстайтын, залдағы үлкен кісілер, мұсылмандарымыз біледі. Оразаларыңыз қабыл болсын. Өзіңіздің ауылыңызда Жамбыл ауданында осындай спорт кешені ашцлып жатыр Осы керемет күнмен сіздерді, баршаларыңызды құттықтаймын.


 Сондай-ақ, Ғауез Нұрмұхамбетов "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының өкілдері 250 млн теңгеге жаңғырту жұмыстарын жүргізген Қожаберген Жырау атындағы ауылдық мектепте де болды. Мұнда оқу кабинеттері жаңартылып, заманауи білім беру сапасына сәйкес жабдықталған. Жаңадан сатып алынған құралдардар қатарында интерактивті тақта, онлайн сабақтар мен шеберлік сағаттарды жазуға арналған телестудия да бар. Алайда бір айта кететіні мектептің төбесінен су ағып тұр.


Соңғы нысан Жамбыл АУДАНДЫҚ аурухана емханасы болды, нысанға 93 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізілген.


ЕРКЕГҮЛ СҮЙІНДІКОВА, ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ АУРУХАНА ЕМХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ М.А.:

- Желдеткіш шахтасы толығымен ауыстырылды. Барлық кабинеттер жөнделді, есік, терезелер ауыстырылды. Бүгінде емхана 150 адамды қабылдауға қауқарлы. Бірінші қабатта тұрғындарды хирург пен стоматолог қабылдайды. Сондай-ақ емханаға 2 стоматологиялық қондырғы сатып алынған. Ал екінші қабатта акушер-гинеколог жұмыс істейді.


Сонымен қатар, емханада телемедицинаға арналған құрылғы да орнатылған, оның көмегімен дәрігерлер науқастарға онлайн кеңес бере алады.


Аружан Сәкен