“Mobigroup” жеке кәсіпкерлігі жылжымалы монша жасаумен айналысады. Өз өнімін нарыққа шығарғанына 5 жыл. Осы аралықта өз тұтынушыларын тауып, олардың жақсы бағасын ала білді. Өніммен енді петропавлдықтар да таныса алады. Наурыздың 23 і күні “Mobigroup” компаниясы ұсынған моншалардың көрмесі өтеді. Мұнда тұрғындар түрлі жылжымалы моншаларды көріп, ұтыс ойындарына қатыса алады.
“Мобигруп” жеке кәсіпкерлігінің өнімдеріне сұраныс жоғары. Себебі, мұнда құрастырылатын моншалар ыңғайлы және сапалы. Қарағай ағашынан жасалады.
АЛЕКСЕЙ УНРУ, “MOBIGROUP” ЖК ДИРЕКТОРЫ:
- Біз өз өнімімізді нарыққа 5 жылдан бері шығарып келеміз. Компаниямыз мобильді моншаларды жасап шағарады.Моншалардың ішінде барлық жағдай жасалған. Бағалары 1 млн 250 мың теңгеден басталады.
Кәсіпорын тек жылжымалы моншаларды ғана емес, түрлі тұрмыстық бөлмелерді де жасаумен айналысады.
АЛЕКСЕЙ УНРУ, “MOBIGROUP” ЖК ДИРЕКТОРЫ:
- Біз барлығын тапсырыс берушілердің сұранысы бойынша жасаймыз. Қалауларына қарай ағаш немесе пластикалық терезе, есік орнатып береміз. Бағалары моншаның көлеміне қарай өзгереді. Негізінен моншалардың іші 3 бөлмеден тұрады. Бүкіл Қазақстан бойынша тапсырыс қабылдаймыз.
Өңір тұрғындары кәсіпорынның өнімін – шағын жылжымалы моншаларды 23-і наурыз күні Петропавлдағы Әуезов көшесі, 265 мекенжайында өтетін көрмеге келіп, тамашалай алады. Ұлыстың Ұлы күніне орайластырылған іс-шараға келгендер сондай-ақ далада пісірілген палаудан және бауырсақтан дәм татады. Бұдан бөлек акция ұйымдастырылып,ұтыс ойындары өтеді. Басты жүлде- есік алдына қойылатын кең орындыҚ.