Петропавлдағы Иван Шухов атындағы орталық кітапханада «Сана» әдеби-музыкалық клубының ұйымдастыруымен «Біржан сал – қазақ ән-жырының шамшырағы» атты әдеби-сазды кеш өтті. Іс-шараға зиялы қауым өкілдерімен қатар оқушылар және ұлттық ұлан әскери академиясының курсанттары қатысты.


Қазақ ән-жырының шамшырағы Біржан сал Қожағұлұлының туғанына биыл 190 жыл. Біржан мұрасы халық музыкасын жаңа белеске көтерген шығармалардың бірегейі. Оның әндері адамгершілік асыл қасиет пен ізгілікке арналған. Осыған орай әншінің шығармаларына шолу жасай отырып оның өлеңдерінің тақырыптық мағынасын ашып, дәріптеу мақсатында әдеби-сазды кеш өтті. Іс-шара барысында «Біржан сал Қожағұлұлы – ақын, әнші, сазгер» атты бейнебаян көрсетіліп, шығармалары орындалды.


АЛТЫНАЙ СЫЗДЫҚОВА, И.ШУХОВ АТЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ ҚАЛАЛЫҚ КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРІ:

-  Біржан бұрынғы соңғы қазақтың сал сері ақындарының ағасы, ұстазы, жанашыр өнерпазы деп айтуымызға болады. Бүгінгі таңда көптеген 50 мен 60 аралығында жазылған өлеңдері тақпақтарының бүгінгі таңда белгілі, танымал болып жүр. Оны біздің спикерлеріміз және де келген қонақтарымыз бүгінгі орындауға әзір. Ең бастысы ұлттық құндылықтарымызды осы жерде сақтап, бірлікті, мәдени мұраларын жаңғыртып жоғары биікке кез келген тұлғаларды көтеру беру деп ойлаймын


Сөз сөйлеген қонақтар сал серінің өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама оқыды.


 БІРЖАН ЕСЖАНОВ, МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ:

- Неліктен Біржан сал атамызды қатты әспеттейтінімізді айтайын. Себебі, қазақтың кәсіби әншілік өнерінде сол әншілік өнерін қалыптастырған қазақтың сал серілерінің басында тұрған жарық жұлдыз. Яғни , 19 ғасырда өмірге келіп кәсіби әншілік өнерін дамытқан соның басында тұрған адам. Осындай кештер көп болсын, ұйымдастырушыларға рақмет.


 Ақан сері атындағы облыстық филармония әншісі Біржан Есжанов кеш барысында «Ләйлім шырақ, «Жанбота» әндерін орындады.