«Ел батырлары» халықаралық интернет-жобасы 2000 жылы құрылған. Содан бері энтузиастар Социалистік Еңбек ерлері және Кеңес одағының жауынгерлік Еңбек даңқы орденінің иегерлерінің өмірбаянын зерттеумен айналысып келеді. Бұл тізім СҚО-ның социалистік Еңбек Ерлері деп аталады. Осы орайда Петропавлда аталған интернет-жобаның өңірлік өкілімен онлайн кездесу өтті.


Бұл сайтта облыстар бойынша біздің өңір бірінші тұр. СҚО-ның социалистік Еңбек Ерлері деп аталатын бұл тізім 2018 жылдың 11 ақпанында интернетте алғашқы болып жарияланған. Кітапханашы, Юлия Пискунованың айтуынша, тізімнің ішінде есімдері көптен бері ұмыт болған соғысқа қатысқан батырлар туралы да деректер бар.


ЮЛИЯ ПИСКУНОВА, С. МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 Бүгінгі кездесуде аймақтық өкіл Жұмабек Байбосынов сайттың қашан құрылғаны туралы және оның басты бағыттары жайлы сөз қозғамақ. Ол бұған дейін біздің ұжыммен жиырмадан астам кездесу өткізді. Және бүгінгі іс-шарада да Кеңес одағының батырлары, Социалистік еңбек ерлерінің өмірбаянына тоқталады. Сонымен қатар ол Хайнижамал Мусина, Байсарина сынды тұлғалар туралы жай баяндап қана қоймайды, олар жайлы ұмытылған деректерді іздейді. Тіпті туыстары кезінде жоғалтып алған құжаттарға дейін табады.


 Облыста барлығы 117 Социалистік Еңбек Ері және жауынгерлік еңбек даңқы орденінің кавалерлері бар. Олар жайлы тізім 1948 жыл мен 1980 жылдың аралығын қамтиды. Өңірлік өкіл Жұмабек Байбосыновтың айтуынша, сайтта ТҰЛҒАЛАРДЫҢ Еткен еңбегі мен ерен ерліктері де көрсетілген.


- Біз олардың туған жерімен қатар қайда қайтыс болғаны жайлы да ақпарат береміз. Сонымен қатар нақты күнін де жариялаймыз.


 Бүгінде елімізде тап осындай 13 сайт бар. Соңғысы жақында, осыдан 4 ай бұрын ашылып отыр. Оған Түркістан облысының социалистік еңбек ерлерінің тізімі енгізілген.