Петропавл қаласы полиция басқармасы қабылдау-тарату қызметкерлері тұрақты мекенжайы жоқ адамдардың аязда үсіп қалмауы үшін күнделікті рейд өткізіп жатыр. Жыл басынан осындай 300-ге жуық қаңғыбас анықталып, Жұмысшы кентіндегі арнайы орынға жеткізілді.
Қабылдап-тарату орнының іріктеу тобы күн сайын белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдардың болуы ықтимал орындарға рейд жүргізеді. Топ негізінен түстен кейін жұмыс істейді. Тәртіп сақшылары жылу құбырларын, құдықтарды, базар маңын, шатырлар мен жертөлелерді тексереді.
Болат Баймақанов, Петропавл қ. ПБ қабылдап-тарату орнының бастығы:
- Петропавл қаласы полиция басқармасы қабылдап-тарату орнына жыл басынан тұрғылықты мекен жайы жоқ 284 адам жеткізілді. Оның ішінде соттың санкциясымен орналастырылды. Барлық жеткізілген тұрғалар тізімдік есепке қойылды.
Полиция қызметкері жеткізілгендердің әрқайсысын іздеуде жүргендер, хабар-ошарсыз жоғалғандардың немесе қылмыс жасаған күдіктілердің тізімі бойынша тексереді. Қабылдап-тарату орнына күн сайын 33-45 жас аралығындағы 20-ға жуық адам жеткізіледі. Қатты аяздар кезінде бұл жұмыс аса өзекті. Тұрғылықты жері жоқ адамдарының үсіп кетуін болдырмау үшін қажетті тексерулерден кейін олар түнеу орнына жеткізіледі.
Болат Баймақанов, Петропавл қ. ПБ қабылдап-тарату орнының бастығы:
- Күн сайын қабылдап-тарату орнының іріктеу тобы тұрғылықты мекен жайы жоқ адамдарды Жұмысшы кентінде орналасқан түнеу орнына жеткізеді. Мұндай адамдарды кезіктірген жағдайда қабылдау-тарату орнының кезекші бөлімінің 52-92-99 телефон нөміріне немесе «102» нөміріне хабарласу қажет…
Жыл басынан бері тәртіп сақшылары қаңғыбастарды жеке басын анықтау үшін 284 рет жеткізген. Құжаттары болмаған 23 қаңғыбас сот санкциясымен қабылдап-тарату орнына орналастырылды. Әлеуметтік оңалту орталығымен өзара әрекеттесу арқылы тұрғылықты мекен жайы жоқ адамдардың әрбірі мамандардың кеңесін алып, қалыпты өмірге оралудың мүмкіндіктерін біледі.