Негізгі Жаңалықтар Тайыншада қысқы спорт түрлері қарқынды дамып келеді

Тайыншада қысқы спорт түрлері қарқынды дамып келеді

Тайынша қаласында өткен жылдың желтоқсан айында жаңа хоккей корты қолданысқа берілді. ҚұрылысҚА 187 млн теңге жұмсалған. Бүгінде тұрғындар спорттық нысанның қызығын көріп отыр. Күніне 100-ге жуық адам мұз айдынына келіп, сырғанап қайтады. Хоккей кортына әріптесім Айнұр Досан да барып қайтты. Сюжет көрейік.


 Анастасия Шефер 5 жасынан мәнерлеп сырғанаумен айналысады. Қыздың қысқы спорт түріне деген қызығушылығын алдымен әкесі байқаған. Бүгінде бірнеше жарысқа қатысып үлгерген ол жабық мұз айдынына келуді әдетке айналдырған.


 АНАСТАСИЯ ШЕФЕР, ТАЙЫНША ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Әкем хоккеймен айналысады. Сондықтан мен де бұл спортқа жақын болып өстім. Көкшетауға барып сонда сырғанап қайтатынбыз. 17-18 жылдары мектептің алдында кішігірім мұз айдыны болды. Бірақ оны ешкім тазаламайтын. Енді өзімізде жаңа корт бар. Тұрғындарға, әсіресе балаларға өте ыңғайлы болды.


Мұз айдынына келгендердің дені оқушылар. Кортқа кіру, коньки тебу тегін. Сондықтан келушілер қарасы да қалың.


ГҮЛМИРА САҒЫНДЫҚОВА, ТАЙЫНША АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Өңірде мәнерлеп сырғанау спорты дамып келеді. Жаңа корт ашылғалы спорттық нысанға тек қала тұрғындары емес жақын елді-мекендердегі халық та көп КЕЛЕДІ. Сәрсенбі, сенбі, жексенбі күндері жаппай сырғанау болса, аптаның басқа күндері хоккей, шорт-трекпен айналысатын спортшыларымыз дайындалады.


Жабық мұз айдынында 2 мыңнан астам бала жаттығады. Жалпы бүгінгі таңда аудан тұрғындары спорттың 51 түрі, соның ішінде 16 олимпиадалық және 12 олимпиадалық емес, 9 ұлттық және 14 мүгедектерге арналған спорт түрімен айналысады.


Айнұр Досан


Бөлісу