Облысқа Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер қауымдастығының Вице-президенті Жанболат Тангиев келді. Вице-президент мәдениет үйінде кәсіпкерлер қауымдастығы филиалының төрағасымен, облыстық Ассамблея өкілдері арасында кездесу өткізді.


Жиында Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының даму стратегиясы сөз болды. Сондай-ақ, жаңартылған тұжырымдама талданып, әлеуметтік маңызы бар жобалар талқыланды.


ЖАНБОЛАТ ТАНГИЕВ, ҚХА КӘСІПКЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

- Қауымдастық еліміздегі инновациялық жобаларды іске асыруда басты рөл атқарады. Біздегі бас консулдықтар саны төртеу. Бірнеше елмен шектесіп жатырмыз. Еліміз үлкен мүмкіндікке ие. Енді қауымдастық жұмысын барынша күшейтіп, интеграциялауымыз керек.