Өткен жылы Бескөл ауылында көптеген ӘЛЕУМЕТТІК мәселе шешімін тапты. Елді-мекеннің ішіндегі жолдар жөнделіп, балаларға арналған ойын алаңдары салынды. Тілші бейнематериалына зер салайық.


Былтыр Бескөл ауылындағы 5 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оған облыстық бюджеттен арнайы қаржы бөлінген. Енді ауыл әкімдігі биыл елді-мекеннің 20 көшесін жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр. Ауыл әкімі Қанат Дарбаев елді-мекеннің барлық мәселесін халықпен ақылдасып шешуге тырысады. Ол ауылда жүріп жатқан әр құрылыс пен істің басы-қасында жүреді.


ҚАНАТ ДАРБАЕВ, БЕСКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:

-  Біз бір жылдың ішінде халыққа төрт рет есеп беру керекпіз. Біз төрт рет емес оданда көп рет кездесеміз, сол есеп берген кезде ештеңені жасырмай ашық айтамыз. Ауылдың адамдары , халық қолдап бір-бірімізге көмектесеміз. Мәселені бір жақты емес , екі жақты шешеміз.


 Сонымен қатар, өткен жылы Бескөл ауылының тағы бір мәселесі шешімін тапты. Бұрын орталық алаңға ОРНАТЫЛҒАН ағаш беседкалар көпке шыдамай жиі сынатын. Әкімдік елді-мекен тұрғының идеясын қолдап темірдей берік, бірақ суық тартпайтын екі беседка орнатты.


 ҚАНАТ ДАРБАЕВ, БЕСКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:

-   «Біздің мына ауылға орталық парк керек деп көптен бері ауыл халқы көптен бері сұрап жүрген еді. Бір заманауи, жақсы жасалған парк болса ғой деп. Соны біз 2022 жылы халықпен жиын өткіздік. Ауыл тұрғындарының қалауы бойынша біз тізім құрып, жоба жасадық.2023 жылы біз алаңдар жасап, жүгіруге арналған жолдар істедік. Бірінші бөлігін жасадық, енді 2024 жылы екінші бөлігін аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. »


Айта кетейік, былтыр Бескөл ауылында волейбол, футбол, баскетбол алаңдары салынды. Оған аудан әкімдігінен 55 млн теңге бөлінген. Олардың барлығына жарықдиодты шамдар орнатылған екен.