Солтүстікқазақстандық полицейлер сегіз есірткі сатушыдан құралған ұйымдасқан топты ұстады. Күдіктілерді ұстау кезінде 50 келіге тарта аса ірі көлемдегі есірткі тәркіленіп алынды.


Облыстық полиция департаменті құрамындағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері Петропавл қаласына аса ірі көлемде марихуана мен гашишті жеткізу және тарату арналарын бірнеше ай бойы зерттеді. Есірткінің аса ірі көлемі ел астанасынан жеткізіліп отырған, кейін ОЛ ӨҢІРДЕ ТАРАТЫЛҒАН.


Руслан Үмбетов, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары:

- Өткен жылдың басында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Астана қаласынан Петропавл қаласына есірткі заттарын жеткізген қылмыстық топ туралы ақпаратты алды. Мамыр айында осы қалаларда қылмыстық топты анықтау бойынша арнайы операция жүргізу кезінде топты басқарған адам және жеті қатысушы ұсталды. 


Күдіктілерді ұстау кезінде 50 келіге тарта аса ірі көлемдегі есірткі тәркіленіп алынды. Оның 81 грамнан астамы – гашиш.


- Гранулированное вещество чёрного цвета, от которого исходит специфический запах. В пакете № 3 также находится вещество растительного происхождения зелёного цвета. Специфический запах конопли исходит.


 Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері мен жүргізілген көптеген сараптамалар аяқталды. ҚР Қылмыстық кодексінің – ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету, өткізу мақсатында аса ірі көлемдегі есірткіні заңсыз пайдалану бойынша қозғалған іс материалдары сотқа жіберілуге дайындалып жатыр.