«Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық Компаниясы» АҚ мәліметі бойынша былтыр өңірде ғарыштық мониторинг  нәтижеcінде қалдықтарды орналастырудың 274 қоқыс полигоны анықталған. Оның 198 – рұқсат етілмеген жерде пайда болса, 76 – белгіленген шекарадан шығып кеткен. Тиісті жұмыстар жүргізілгендіктен бүгінде барлық заңсыз полигондар 100% жойылды. Бұл туралы экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Жаслан Садуев өңірлік коммуникациялар алаңында айтты


 Сонымен қатар Жаслан Сәдуев 2020 жылы экологиялық проблемаларды кешенді шешудің Жол картасы әзірленіп, бекітілгенін атап өтті. Ол 7 бағыт бойынша 15 іс-шараны қамтиды. Оларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қалдықтарды рұқсат етілмеген орынға төккені үшін облыс бойынша 28 тұрғын әкімшілік жауапқа тартылды, оларға жалпы сомасы 621 000 теңге әкімшілік айыппұл салынды.


ЖАСҰЛАН САДУЕВ, СҚО БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
-  «СҚО бойынша экология департаментіне – 112 өтініш келіп түсті. Өтініш түрлері: 28 өтініштер, 27 хабарламалар, 54 сұраулар, 2 ұсыныстар, 1 шағым құзыреті бойынша жоғары тұрған мемлекеттік органға қайта жіберілді. Тікелей Департаментпен 95 өтініш қаралды. Өтініштерді қарау және ұзарту мерзімдерінде бұзушылықтар жоқ».