Түнгі уақытта тыныштықты бұзу – өзекті проблемалардың бірі. Көңілді отырыстарды ұнататындар сағат 22.00-ден кейін шулауға болмайтынын ескере бермейді. Былтыр Петропавл қаласында түнгі уақытта тыныштықты бұзудың 2104 фактісі тіркелген.


 Еңбектеніп келген әр адамның тынығып, дем алуға құқығы бар. Бұл туралы тәулікке жалға берілетін пәтерлерде көңілді отырыстар өткізуді ұнататын кейбір тұрғындар ұмытып кетеді. Тәртіп сақшылары осындай кезекті құқық бұзушылық бойынша шара қабылдады.


- Да. Нарушение тишины, музыку громко слушали, песни пели.


Жұмыс күндері сағат 22.00-ден таңғы сағат 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23.00-ден таңғы сағат 10.00-ге дейін тыныштықты бұзғаны үшін жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған


- Всё, до свидания, спокойной ночи. Надеюсь, что нормально всё.


 Осындай жағдайларға, сондай-ақ отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы хабарламаларға жедел түрде ден қою тәртіп сақшыларына міндет. Петропавлда патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен бірге учаскелік полиция инспекторлары да түнгі кезекшілікке шығады. Әдетте демалыс күндері қоңыраулар саны артады, кейде бір түнде 10-12 факті бойынша шаралар қабылдайды.


- Дома никого не собирать, соседей не беспокоить, чтоб тихо, спокойно было, хорошо? — Всё ровно, всё ровно. — Всё, давайте, до свидания, не шумите, отдыхайте. Ночь!.


 Өткен жылы Петропавл қаласында түнгі уақытта тыныштықты бұзудың 2104 фактісі тіркелген.