1985 жылы БҰҰ Ассамблеясының бастамасымен жыл сайын 5-желтоқсанда халықаралық волонтерлер күні атап өтіледі. Бос уақытын қайырымдылық істерге жұмсайтын еріктілер саны жыл сайын көбейіп келеді. Бүгінде олардың қатарында тек қана жастар емес, зейнетке шыққандар да бар.


Волонтерлық жасқа қарамайды. Өңірде жасы елуден асқандардың «Күміс волонтерлер» клубы да жұмыс істейді. Зейнеткерлер Перинаталдық орталықтағы шала туған нәрестелерге жүннен қолғап-шұлық, көрпе тоқып, бос уақыттарын соларға арнайды.


 ВЕРА ГОРКУН, «КҮМІС ВОЛОНТЕРЛЕР» КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 - «Жүннен көрпе, бас киім, ойыншықтар тоқимыз.Шала туған нәрестелердің аман қалуына сәлде болса да осылай көмектесуге тырысамыз. Жүннен тоқылған заттар нәрестелердің денесін тітіркендіріп, қан айналымы жүйесін жақсартады».


 2020 жылдан бастап «BIRGEMIZ» фронт-кеңсесі жұмыс істейді. Оның құрамында студенттер, мектеп оқушылары, жұмысшы жастар бар. Ал бүгін халықаралық волонтерлар күніне орай «күміс еріктілер» клубының белсенділері марапатталды. Облыстық ардагерлер кеңесі мен волонтерлік фронт-кеңсе өкілдері оларға дипломдар және алғыс хаттар табыстады.


ЕЛЕНА СКАКУНОВА, «BIRGEMIZ» ВОЛОНТЕРЛЕР ФРОНТ-КЕҢСЕСІНІҢ СҚО БОЙЫНША КООРДИНАТОРЫ:

-  «Бүгін халықаралық ВОЛОНТЕРЛЕР күнін Күміс еріктілермен бірге атап өтіп жатырмыз. Және осы 2023 жылы қоғамдық іс- шараларға белсене қатысып барынеша көмектескен еріктілерді марапаттадық. 50, 60, 70 жастағы бұл адамдар жасына қарамастан қайырымдылық істерге белсене қатысып, басқаларға үлгі көрсетіп жүр.


Волонтерлік жұмыста ең маңыздысы – көмекке мұқтаж адамдарға әрқашан қол ұшын созуға дайын болу дейді кездесуге қатысушылар.