Облыс орталығында жерлесіміз, КСРО спорт шебері Уәлихан Нұркеевті еске алуға арналған грек-рим күресінен балалар арасындағы дәстүрлі турнир ӨТІП ЖАТЫР. Сайыста еліміздің және Ресей қалаларынан келген 16 команда күш сынасатын болады.


Жас балуандар шеберліктері мен жеңіске деген ерік-жігерін көрсетуде. Бозкілемде өнер көрсеткендердің бірі - Ресейдің Омбы қаласынан келген сегіз жасар Абдулла Рузиев. Өзінің алғашқы белдесуін ол жеңіспен аяқтады.


 АБДУЛЛА РУЗИЕВ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ:

-  «Алғашқы белдесу маған қиынға соқты. Себебі қарсыласымның маған қарағанда салмағы жоғары.Бірақ мен сондада жеңіске жеттім. Мені күреске атам әкелді, үмітін ақтаймын.»


 Сайыс екі күнге шақталған. Турнирде 200 жас балуан 15 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Жүлдегерлерге дипломдар, медальдар мен белбеулер табыс етіледі.


 МАКСИМ ЕВСЕЕВ, ТУРНИРДЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ:

- Бұл турнир дәстүрлі. Сайыста 2012 жылғы спортшылар белдеседі. Басты мақсат – балалардың тәжірибе жинауы. Себебі осындай сайыс арқылы шыңдалуға, қателіктерді түзеуге болады.»


Бұл турнир Уәлихан Нұркеевті еске алуға арналған. Ол өзінің спорттық мансабында жастар мен ересектер арасында Қазақстан чемпионы атанды, грек-рим күресінен Бүкілодақтық турнирдің жеңімпазы болды.


Ұлан Ыдырыс