Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясының тыл кафедрасы «Әскери логистика. Тарихы, жағдайы және даму перспективалары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Іс-шара барысында еліміздегі бірнеше жоғары әскери оқу орындары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Конференцияның негізгі тақырыптарының бірі - қазіргі заманғы әскери қақтығыстар жағдайында жаңа сын-қатерлерге тап болатын әскери логистика. Алдағы уақытта іске асырылуы мүмкін тәжірибелік шешімдерді әзірлеу үшін және одан әрі ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық ұлан академиясы мен Қорғаныс министрлігінің Құрлық әскерлері Әскери институтының тыл кафедрасы, сондай-ақ ҰҚК шекара қызметі Академиясының материалдық-техникалық қамтамасыз ету түрлері кафедрасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


ЖОМАРТ АТЫҒАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ АКАДЕМИЯСЫ ӘСКЕРИ-ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Бұл іс шара бұрын академия деңгейінде ғана өткізілсе биыл бірінші рет халықаралық деңгейде өтуде. Бүгінгі іс шарада СҚУнің ғалымдары қатысады. Және мемарандумдарға қол қойылады. Осы бойынша 2 жақтық жоспар құрылып соған сәйкес іс шаралар ұйымдастырамыз.»


 Іс-шараға ғалымдар, М.Қозыбаев атындағы СҚУ оқытушылары, докторанттар мен магистранттар, әскерлер мен күш құрылымдарының түрлі сала офицерлері де қатысты..


НҰРЖАН ҚОРАБАЙ, ҚР ҰҰ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КУРСАНТЫ:

« Бүгінгі әскери логистика конференциясы –әскери істі дамыту үшін менің мамандығыма тікелей қатысты. Виртуалды шындық, жасанды интеллект және жауынгерлік тренажерларды қоса алғанда, заманауи технологияларды қолдануда өзара тәжірибе алмастық»


Іс-шараға 100ден астам маман қатысты. Халықаралық ғылыми тәжірбиелік конференция әскери логистика және әскери мамандарды оқыту саласындағы күрделі міндеттерді тиімді шешу үшін ұйымдастырылды. Сондай-ақ қажетті білім мен тәжірибе алмасуды қамтамасыз ете отырып, қазіргі заманғы әскери ғылым үшін маңызды сұрақтарды талқылады.