Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әрбір төртінші қазақстандық майданға аттанды. Оның 500-і Кеңес Одағының Батыры атанса, жүзден астамы – Даңқ орденінің иегері болды. Жеңістің 80 жылдығына орай Ресей Елшілігі ұйымдастырған шарада сөз сөйлеген Мәжіліс төрағасы осылай деді. Ерлан Қошанов, қазақ жауынгерлерінің ерлігін жадымызда сақтаудың және мұндай қайғылы оқиғалардың қайталануына жол бермеудің маңыздылығына мән берді. Мереке қарсаңында Қазақстан бойынша шамамен екі мыңға жуық еске алу, ғылыми-зерттеу, ағартушылық және басқа да іс-шаралар өтпек.
СНХ: ЕРЛАН ҚОШАНОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ