Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны, Отан соғысының ардагері Валентина Архиповна Волкодав 103 жасында өмірден озды. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтып, оның ерлігі мен өмір жолына құрмет білдірді.
Валентина Архиповна майданға 19 жасында аттанды. Ол Белорусь және Украина майдандарында көпір салу батальонында қызмет етіп, жаудың оқ жаудырған жағдайында көпірлер тұрғызып, әскердің алға жылжуына жол ашты. Волгадан Берлинге дейінгі жолды жүріп өтті. Ұлы Отан соғысы II дәрежелі орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін ел игілігі үшін еңбек етті – Целиноградтағы керамика зауытында бухгалтер болып жұмыс істеді. Соңғы 30 жылдан астам уақытын Петропавлда өткізді. "Соғыстың ауыртпалығына қарамастан, Валентина Архиповна әрдайым жарқын жүзді, қайратты әрі өмірге құштар жан болды. Биыл ол 103 жасқа толып, айналасындағыларды сергектігімен қуантты. Нағыз батырдың жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.