Дмитрий Карбышев атындағы №40 орта мектебінде «Жас батыр» атты әскери-патриоттық орталық жұмыс істейді. Онда 200 шаршы метр аумақта Отан және Ауған соғыстарына арналған мұражай мен іс-шаралар өткізуге арналған конференц-зал орналасқан. Біздің түсірілім тобы осы орталықтың әскери-патриоттық жұмысымен танысып қайтқан болатын. 

Орталықтың ашылуына аймақ басшысының қолауымен білім басқармасына қарасты дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық өңірлік орталығы мен «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігі бастамашы болды. Мұражайдағы жәдігерлер қатарында жауынгерлердің жеке заттары және басқа да бұйымдар бар. Мұнда барлығы 200-ден астам экспонат қойылған.

СНХ: ВИКТОР ХВОРЫХ, БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ ТОПОГРАФИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ ӘДІСКЕРІ


Илья Клепальский 21 жасында Ауғанстанда қаза тапты. Ол оқыған мектепте осыдан бірнеше жыл бұрын мемориалдық тақта орнатылған болатын, ал қазір мұражайда оның «Қызыл Жұлдыз» ордені мен «Ерлік үшін» медалі сақтаулы.

СНХ: ИСАТАЙ МӘЖИТОВ, ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ АТЫНДАҒЫ №6 ОРТА МЕКТЕПТІҢ АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ


Орталықтың жасөспірімдері әскери-патриоттық тәрбие бойынша викториналар мен спартакиадаларға белсенді қатысады. Сондай-ақ, әскери дағдыларды меңгеруге үлкен қызығушылық танытады. Ал ең бастысы – болашақ ұрпақты жауапкершілік пен патриотизм рухында тәрбиелеу.