Петропавлдағы ҚР Ұлттық ұланы 6637 әскери бөлімінің сержанты Чужиков әріптесі атқан оқтан қаза тапты. Оқыс оқиға 12 қараша күні болды.


Әскери қызметкер оқ жарақатын алғаннан кейін әріптестері оны бірден медициналық мекемеге жеткізген.Бірақ реанимациялық шаралар жүргізілгенімен, дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады.


МЕЙІРЖАН ҚАСЫМЖАНОВ, ПЕТРОПАВЛ ГАРНИЗОНЫНЫҢ ӘСКЕРИ ПРОКУРОРЫ:

- «ҚР ІІМ орталық-өңірлік әскери тергеу басқармасының Петропавл тобы ҚР қылмыстық кодексінің 462 бабы, 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Осы фактіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды.Өзге ақпарат Қылмыстық-процесуалдық кодекстің 201 бабына сәйкес жария етілмейді»