Осы жылдың маусым айында Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың 2 отырысында мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстандағы жүйелі идеологиялық жұмыстың негізгі сегіз бағытын белгіледі. Осыған орай Халық партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиялы дөңгелек үстел ұйымдастырды.


Іс-шараға партия мүшелері, ардагерлер мен жастар жиналды. Отырыс барысында партия өкілдері жүйелі идеологиялық жұмыстың бағытын , оның көзқарасын жеткізуге тырысты. Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар мемлекетте болып жатқан процестерінің маңыздылығын талқылай алды.


 ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ» СҚОФ МҮШЕСІ:

-  «Биыл осы Құрылтайда біздің президентіміз өте өзекті мәселелерді көтерді. Ең бастысы ол халықтың рухани сана-сезімін қалыптастыру. Сондықтан президент келесі ойды ортаға салды. Қазіргі уақытта қазақ жерінің тарихын зерттеп жатқан шетел және қазақ тарихшылары жеті томдық кітапты жазып жатыр.Менің ойымша, бұл кітап арқылы Жаңа Қазақстанның азаматтары, нағыз әділетті тарихпен танысады. »