Қыркүйек айында «Жастар рухы» жастар қанатының облыстық филилалы өңір белсенділерімен бірлесе эко-акция бастады. Бұл іс-шара әлі күнге дейін жалғасып келе жатыр.


Бүгін акция аясында өңір белсенділері мәңгілік алау маңын қоқыстан тазартты. Мақсат, тарихи ескерткіштер мен маңызы бар нысандарды қалыпқа келтіріп, вандализмге жол бермеу. Жақында жас отандықтар Петропавлдағы тарихи-өлкетану музейінің де аумағын тазартты.Олар өңірге аязды қыс келгенше басқа да әлеуметтік маңызы бар жерлерді тазалық іс-шарасымен қамтуды жоспарлап отыр екен.


 БІРЖАН ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ СҚОФ ТӨРАҒАСЫ:

- Бұл эко-акциялар елімідегі вандализмді құрту мақсатынды, ескерткіштерімізді таза ұстау мақсатында өткізіп жатырмыз. Жастар арасында ескерткіштерді таза ұстауға насихаттау.