Облыстық іскер әйелдер қауымдастығы саяси партиялармен бірге «Қоғамдық бірлестіктердің саяси партиялармен өзара әрекеті» атты кездесу өткізді. Жиынға Аманат, Республика, Ауыл, Атамекен партияларының өкілдері қатысты.


 Жиында қоғамдағы саяси белсенділікті арттыру, қауымдастық пен саяси партиялар арасындағы бірлескен жұмысты жандандыру сөз болды. Негізгі мақсат: қоғам мен билік, халық пен жастар арасындағы азаматтық белсенділікті арттыру.


ӘЛФАРАБИ МЫҢБАЙ, «АУЫЛ» ХДПП ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

-  Қазіргі тұрған мәселелердің шешімі тек қана бір партияның, не болмаса бір ғана адамның қолынан келмейді. оның барлығы қоғам белсенділері және партиялардың ұйымдастыруы арқылы жүзеге асады. Қазіргі таңда алдағы уақытта жоспарларымыз талқыланып, бір шешім қабылданып, алдағы уақытта сол жоспар бойынша жұмыс жасайтын боламыз.