«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған «педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Конкурстың облыстық кезеңіне өңірдің 225 мұғалімінен қатысу туралы өтініш келіп түскен. Соның ішінде 30 мұғалім 1-ші орынды иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды.


«Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауы 2018 жылдан бастап, дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Осы жылы сайысқа қатысуға жалпы республика бойынша 4242 өтініш келіп түскен. Ал Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 225 мұғалім өтінім білдірген. Оның 111-і қала ұстаздары.


 ГҮЛЗӘТ ӘЛЖАНОВА, «ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ СҚО ФИЛИАЛЫ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ:

Биылғы жылғы байқаудың ерекшелігі-бұрынғыдай пәндік бағытта емес, қазіргі заман талабына сай функционалдық сауаттылығын дамыту, соның ішінде цифрлық, математикалық, оқу, жаратылыс сауаттылығын дамыту, жалпы 12 бағыт бойынша жұмыстар қабылданды.

 Тағы бір ерекшелік жұмыстар бейне дәріс, бейне-сабақтар түрінде ғана емес шеберлік сыныптар, семнинарлар және бейне-подкаст дайындау арқылы өздерінің үлгілі жұмыстарын ұсынды.


Байқау қорытындысы бойынша 1-ші орынды 30 мұғалім, екінші орынды 21 мұғалім иеленді. Ал, 3-ші орынға табан тірегендердің саны- 12. Сандуғаш Қазымованың жобасы 2-ші орыннан көрінді.


САНДУҒАШ ҚАЗЫМОВА, «ПАРАСАТ» МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ МУЗЫКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ:

 Осы байқауға мектепке дейінгі балалармен жұмыс бойынша байқауына қатыстым. Қоғамды ұйымдастырушы, ең басты құрушы – ұстаздар деп есептеймін.

 Менің тақырыбым – «мектепке дейінгі балалармен жұмыс» болды. Бұл тақырып маған еш қиындық тудырған жоқ.Өзімнің әрдайым жұмыс жасап жүрген, әр сабағымды қолданып жүрген әдіс-тәсілдерімді ұсындым. Бұл байқауға жалпы, 1 ай шамасында дайындалдым.


1-ші орынға ие болған 30 мұғалім енді алдағы уақытта республикалық кезеңде облыс намысын қорғамақ.