Облыс прокуратурасында алимент төлемдерін өндіріп алу және қасақана АЛИМЕНТ ТӨЛЕМЕЙТІН борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі бойынша ведомствоаралық кеңес өтті.


 Өңірде алимент төлеуден жалтарып жүрген 160 адам бар, олардың жалпы қарызы 246,9 млн. теңге, оның 14-і қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 11 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Істі тоқтатудың заңдылығы туралы 55 қылмыстық іс қаралды, 4 қылмыстық іс бойынша заңсыз процестік шешімдер жойылды. Талқылау нәтижелері бойынша сот актілерін орындауға, мемлекеттік және уәкілетті органдардың өзара іс-қимылын арттыруға бірлескен іс-шаралар әзірленіп, ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.