С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» спектаклін көрермен назарына ұсынды. Премьераның режиссері - ҚР еңбек сіңірген қайраткер Болат Ұзақов. 1,5 ай дайындықтан кейін тарихи шығарма үлкен сахнаға жолдама алды.


 Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романы қазақ әдбеиетінің төрінен ойып тұрып орын алған шығарма. Онда ел тізгінін бекем ұстаған қайсар қыздың өмірі баяндалады. Ұлпан – өмірде болған адам. С. Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театрында сахналанған қойлымның режиисері- Болат Ұзақов. Ол 1 жарым ай бойы театр актерларымен тығыз байланыста жұмыс істеді. Режиссердің айтуынша, өмір қым-қиғаш, аласапыран болып жатқан кезде тарих ұлы тұлғаларды дүниеге тудырады. Солардың бірі- Ұлпан.


БОЛАТ ҰЗАҚОВ, РЕЖИССЕР:

- Қазіргі күнге дейін Ұлпанның аты өшкен жоқ. Ұрпақтары жақсы біледі. Ғ. Мүсіреповтың жазған Ұлпан романы осы анамызға ранп қойылған үлкен ескерткіш. Мен бұл спектакльді қоюға үлкен құлышынспен келдім. Тарихқа өте жақынмын. Қойған спектакльдермінің бәрі тарихи. Бұл біздің ұлтымыз үшін, болашағымыз үшін өте керек дүние.


Брифингке ресейлік актер Валерий Караваев қатысты. Ол өңірге тәжірибе алмасып, шеберлік сабағын өткізу мақсатында 1 аптаға келген.


 ВАЛЕРИЙ КАРАВАЕВ, АКТЕРЛІК ШЕБЕРЛІК БОЙЫНША ПЕДАГОГ:

-  Біріншіден, мені труппаның жас ерекшеліктері таң қалдырды. Мен мұндай жас труппа көрген емеспін. Ең үлкенінің жасы – 35-те ғана екен. Барлығының көздерінен жалын, ұшқын байқалады. Мен ғана емес, олар да мені жаңа дүниелерге үйретті. Сондықтан, осы бір апта өте тез өте шықты.


Ұлпан — классик жазушы Ғабит Мүсіреповтың 1974 жылы ХІХ ғасырда қазақ даласында болған тарихи шындықтарға негіздеп жазған романдарының бірі. Сахна төрінде аналардың анасы, қоғам қайраткері Ұлпанның болмысы көркем түрде сомдалды. Зал қала тұрғындары мен қонақтарына лық толып, барлығы бір кісідей тына тамашалады. Көзіқарақты көрерменге керемет әсер сыйлау үшін сахнаға 30-дан астам актер шықты.