Өткен жылы еліміз 13 жылдан кейін алғаш рет Республика күнін атап өтті. Мемлекеттік мерекелер қатарынан алынып тастал5ан мейрамды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қайтадан атаулы күндердің бірі етіп, оған Ұлттық мереке мәртебесін берді. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінде ел тарихына қатысты қандай тарихи құжаттар сақталған? Бейнематериалға зер салайық.


 Республика күні – ел егемендігі мен біртұтастығының белгісі. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік алуына жол ашқан маңызды құжат болатын. Онда Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Алғаш рет ел аумағының тұтастығы, қазақ халқының және басқа да ұлт өкілдерінің мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету, ұлттық болмысты қалыптастыру әрі нығайту сияқты басты қағидаттар бекітілді.


 СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

-  1990 жылы қазан айында жоғарғы кеңестің шешімімен арнайы комиссия құрылды. Оған заңгерлер, ғалымдар, партия мүшелері енген екен. Шешім бойынша декларация жобасын қарап, сол жобаға қосымшаларыды енгізу және заңға сәйкестігін қарау. 1990 жылы 25 қазанда сол декларация қабылданды. Енді сол күн Республика күні деп жарияланған. 


 Республика күні 2001 жылы мемлекеттік мерекелер қатарына қосылып, 2009 жылы алынып тасталды. Осылайша он жылдан астам уақыт бойы 25 қазан – Республика күні тойланған жоқ.


СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Республика күнінің мәртебесі қалай қайтарылды? 2022 жылдың 16 шілдесінде Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынды.


Республика күні – елдегі жалғыз ұлттық мейрам. Республика сөзі латын тілінде "ортақ іс" деген мағына береді. Әдетте мерекеге орай өңірде концерттік бағдарламалар, фестивальдер, флешмобтар ұйымдастырылады. Ұлттық спорт түрінен сайыстар мен түрлі жарыстар өткізілмек.