Солтүстік Қазақстан облысының жаңа әкімі облыс орталығының әлеуметтік маңызды нысандарының бірі – «Қызылжар су» ЖШС жұмысымен танысты. Сондай - ақ, Ғауез Нұрмұхамбетов «Тазарту, су бұру және су өткізу құрылыстары» мен «Есіл су» филиалының жұмысын тексерді. Аймақ басшысы су кәсіпорындарының жұмысын бағамдап, проблемалық мәселелермен танысып қайтты.


 «В автоматическом режиме измеряем уровень сероводорода, всех газов. – 22 КНС у вас, да? – Да. – Везде шахты стоят? – Да».


Облыс әкімі барған алғашқы нысан "Қызылжар су" ЖШС кәсіпорны болды. Ол халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді және ағынды суларды қабылдауды жүзеге асырады. Су құбыры желісінің жалпы ұзындығы – 344 км, кәріз желісі-258 км. Өңірдің жаңа басшысына облыс орталығының әлеуметтік маңызды нысандарының біріндегі тындырылап жатқан іс баяндалды.


ЖЕҢІС СҰЛТАНОВ, «ҚЫЗЫЛЖАР СУ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

-  «Біз 2014 жылдан 2022 жылға дейін, биылғы жылды алмағанда 162 шақырымды ауыстырдық. Бұл 102 шақырым су құбыры және 60 кәріз желісі. Яғни, біз кәріз желілерінің су құбырын жаңарттық. Бүгінгі таңда әлі де кейбір сұрақтар бар. Кәріз бойынша 62 пайыз және су құбыры желілері бойынша 59 пайыз тозған. 10 жыл бұрын мүлде 73 және 68 пайыз болған еді».


Кәсіпорынның бас директоры жылына кем дегенде 10 шақырым желіні жөндеу қажет екенін атап өтті. Серіктестікте техниканың 80 пайызы тозған. Десе де, Жеңіс Сұлтанов жетістіктермен де бөлісті. Жергілікті биотоғанды тазарту үшін хлорелла микроорганизмін сәтті қолдану шарасы айтылды, бұл күкіртсутектің жағымсыз иісінен арылуға септігін тигізді.


 ЖЕҢІС СҰЛТАНОВ, «ҚЫЗЫЛЖАР СУ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

-  «Біздің тәжірибені қазір Қостанай қолданып жатыр. Шымкент пен Көкшетау да аталмыш шараны қолға алмақ ниетте. Хлорелла өндірісі біздің Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетімен және "су Ғылыми-технологиялық орталығы" ЖШС-мен бірлесіп жасалған жұмыс. Бізге күкіртсутектің иісін жою үшін 1 млрд-қа, 600 миллионнға жобалар ұсынылды. Иіс қатты сезілгендіктен көптеген шағымдар болды. Хлорелла бізге бұл мәселені шешуге көмектесті. Оған біз 124 миллион жұмсадық. Бұл өте үлкен ақша емес деп ойлаймын, енді біз оны өзіміз шығарудамыз».


 Облыстың жаңа әкімі «Тазарту, су бұру және су өткізу құрылыстары» кәсіпорнындағы жағдаймен танысты. Оның басшысы биылғы жылы Солнечный 2, 20 шағын аудан мен Жұмысшы кентінде нөсер желілерін салу бойынша 3 жоба жүзеге асырылып жатқанын хабарлады.


- «Сколько ливневых сетей у нас по городу? – Сейчас на данный момент 216 километров. 01:25-01:36 100 километров открытых и 116 закрытых. – Состояние? – Состояние, ну чтобы вы понимали, это строения 60-70 -ых годов. 02:10- За последние 4 года мы увеличили сети в 2,5 раза. – За счет? – За счет строительства и восстановления».


Бұдан соң өңір басшысы Соколов өндірістік учаскесіне бет алды. Аталмыш су желілері облыстың 229 елді мекеніне ауыз су беру бойынша қызмет көрсетіп, 200 мыңға жуық адамды тіршілік көзімен қамтамасыз етеді. Оның құрамында 4 өндірістік учаске бар: Есіл, Булаев, Преснов және Соколов су құбырлары.


ҚАНАТ АСҚАРОВ, «НҰРА ТОПТЫҚ СУ ҚҰБЫРЫ» ШЖҚ РМК «ЕСІЛ СУ» ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- «Қарап тұрсаңызшы 62 проценті 60-шы жылғы. Өте жаман жағдайда 1047 км. 60-шы жылы салынған бұлар. Бұлардың барлығы 58-59 да салынып, 62 берілген.  Ишимский групповой водопроводтан 2 облыс Қостанай алады, қалғанын біздің облыс алады. Бізде 229 ауылдық округ, 19 ауылдық округ Қостанайда. 248 ауылдық округ 203 мың кісі су ішіп отыр осы мынау төртеуінен».


 Облыс әкіміне Есіл топтық су құбырының бас құрылыстары кешенін қайта жаңарту керек екені айтылып, мамандар көмек сұрады. Ауқымды жобаны жүзеге асыру қажет, себебі кейде апаттар орын алып тұрады. Осыған байланысты тіпті төтенше жағдай режимін енгізу жоспарланған болатын.


 «-В головном сооружении даже сейчас авария.  То есть, получается, инженерная коммуникация в ветхом состоянии. - Я бы хотел, чтобы вы как акимат с письмом обратились в Министерство или комитет.  Надо понять, как мы его будем реализовывать. Давайте дадим предложение».


 Жаңа әкім мәселе жақын арада қаралатын болады деп сендірді. Филиал директоры орынбасарының сөзіне қарағанда, бұл бағытта әлі де көп жұмыс атқару қажет сыңайлы.


ЕРЖАН ҚҰСЫМБАЕВ, «НҰРА ТОПТЫҚ СУ ҚҰБЫРЫ» ШЖҚ РМК "ЕСІЛ СУ" ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  «Біздің магистральдық су құбырлары 1958-60 жылдардың басында салынған. Тиісінше, болат құбырлардың мерзімі 2 есе көп, тозған. Бізде 3 мың шақырымнан астам желі бар. Олардың мыңын әлі де қалпына келтіру керек. 2 мыңы қалпына келтірілді. Бүгінгі таңда облыста 12-ге жуық қайта құру жобасы бар және мұның бәрі іске асырылатын болады».


 Жобаларды іске асыру 2025 жылға дейін аяқталуы тиіс. Бұл жұмыс қазіргі жағдайды жақсартуға едәуір көмегін бермек. Қазір су құбырында күн сайын 25-ке дейін апат орын алады екен.