Сапалы өнім – саулық кепілі. Биыл азаматтардан СҚО бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 360 шағым келіп түскен. Мемлекеттік орган, қоғамдық ұйым өкілдері және депутаттар тұрақты түрде азық-түлік тауарына мониторинг жүргізеді. Осы жылдың өзінде тауардың сыртына бағаны жапсырмағаны үшін 10-ға жуық кәсіпкер айыппұл төлеген. Әріптесімнің сюжетіне зер салайық.


Шаһарда азық-түлікке мониторинг тұрақты негізде жүргізіледі. Ондағы мақсат- бағаның тұрақтылығын сақтап, тұтынушылар құқығын қорғау. СҚО бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті бастығының орынбасары Ләзім Мияшеваның сөзіне қарағанда, сауда орындарында бағаның нақты көрсетілмеуі, жарамдылық мерзімінің өтіп кетуі, мемлекеттік тілде ақпараттың жазылмауы сынды бұзушылықтар жиі кездеседі екен. Биылдың өзінде 10-ға жуық азамат әкімшілік жауапқа тартылған.


 ЛӘЗІМ МИЯШЕВА, СҚО БОЙЫНША САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізіп отырамыз. Түрлі шағымдар түседі. Оларды тез араза шешуге тырысамыз. Жалпы құқық бұзушылық бірінші рет жасалса, онда ескерту жасалады. Ал жағдай қайталанатын болса, кәсікерге айыппұл салынады.


Тұтынушылар негізінен басты назарды тауардың жарамдылық мерзіміне, таңбалануына, құрамына назар аударуы тиіс. Сәйкестігіне көз жеткізу үшін өлшеніп оралған өнімді таразыда бірден тексерген жөн.


НАДЕЖДА ДУБОВАЯ, СҚО ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

-   Бұл супермаркетте тауарлар өнімі сапалы әрі сақтау мерзімі дұрыс көрсетілген. Бірақ ескертулер бар. Мысалға, тауарлар кішкентай әріппен таңбаланған. Сол себепті оның құрамын оқу қиянға соғады. Ал оның құрамында зиянды заттар да болуы мүмкін. Себебі кейбір өндірушілер пальма майын қолданып жатады. Ал бұл адамның денсаулығына кері әсерін тигізеді.»


Айта кетейік, азық-түлікке мониторинг алдағы уақытта жалғасады. Жалпы бүгінгі күнге дейін СҚО бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 360 шағым келіп түскен.