Кадрлық ауыс-түйіс. Енді Солтүстік Қазақстан облысын Ғауез Нұрмұхамбетов басқарады. Ғауез Торсанұлының кандидатурасы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысында бекітілді. Жиынға Президент Әкімшілігінің басшысы Олжас Бектенов қатысты.


 Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. Ғауез Торсанұлының кандидатурасы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысында бекітілді. Жиынға Президент Әкімшілігінің басшысы Олжас Бектенов қатысты. Ол аймақ басшысы лауазымына үміткерлікке Ғауез Торсанұлымен қатар Сәтжан Аблалиевті де ұсынды. Ашық дауыс берудің нәтижесінде депутаттардың басым бөлігі Ғауез Торсанұлын таңдады.


ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

-  "Мемлекет басшысына Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа маған артқан сенімі үшін алғыс білдіремін. Сізбен бірге ауқымды жұмыс істеп, сенімді ақтау үшін бар күшімді саламын".


Теріскей тізгініне келген азамат 1968-ші жылы дүниеге келген. Ғауез Нұрмұхамбетов орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда жауапты қызметтер атқарған. 2015-2023 жылдар аралығында Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары болып еңбек еткен. Кейін Парламент Сенатының депутаты болыпты. Облыстық мәслихаттағы жиын әкімдікте жалғасын тапты. Оған өңірдің бұрынғы басшысы, жуырда Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалған Айдарбек Сапаров қатысты. Президент Әкімшілігінің Басшысы оның жетекшілігімен аймақта агроөнеркәсіп кешендері дамып, жаңа кәсіпорындар ашылғандығын, инвестиция тарту мен туризм саласын ілгерілету бағытында ауқымды жұмыс атқарылғандығын тілге тиек етті.


АЙДАРБЕК САПАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:

-  "Өздеріңізге белгілі, былтыр 1-ші желтоқсанда Президентіміздің Жарлығымен өзімнің туған жеріме әкім болып тағайындалған болатынмын. Сенімді ақтау - мен үшін үлкен жауапкершілік болды. Маған сіздер көмектесіп, өз үлестеріңізді қостыңыздар. Сондықтан, сіздерге алғыс айтқым келді.


3-34 Биылғы жылға жоспарлаған жұмыстарымыз істеле бастап, аяқталуға шақ қалды. Біраз мәселелер шешілді. Оның ішінде жол, су, құрылыс, тұрып қалған үйлер бар. Көп жұмыстар істелінуде. Ол - сіздердің еңбектеріңіз. Мен өз облысыма, туған облысыма сәттілік тілеймін. Ары қарай да дамысын. Сіздер еңбек пен бірліктің арқасында үлкен жетістікке жетіп жатырсыздар. Президенттің сенімін ақтауымыз керек. Жаңа әкімді тағайындалуымен құттықтаймын. Үлкен жетістікке жете беріңіздер. Сіздің қолыңыздан іс келеді. Бұл облыс ары қарай да дамиды".

Шара соңында Ғауез Нұрмұхамбетовке Олжас Бектенов те табыс тілеп, өңірді өркендетуге өз үлесін қосып, Мемлекет басшысы мен өңір халқының үмітін ақтайды деген сенімін білдірді.