Әр тұрғын өзінің учаскелік полиция инспекторын және оның телефон нөмірін білуі керек. Халықпен учаскелік полиция инспекторын таныстыру мақсатында солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары 15 тамыздан бастап «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жұмыс істеуде.


- Так всё в порядке? Жалобы на соседей, алкашей, на съёмные? Всё нормально?


 Учаскелік полиция инспекторлары тұрғындарға өздерінің телефон нөмірлерін таратып, үй-үйді аралап қоғамдық тәртіптің жай-күйі жайлы сұрауда. Сонымен бірге іс-шара аясында полицейлер тұрғындарға интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы ескертіп, жадынамалар таратады.


- Свои реквизиты, трёхзначные номера, ничего… — Знаю! Уже звонили мне. — По ссылкам незнакомым не переходить. Так мошенники могут завладеть информацией


"Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде басқа да бағыттар бойынша жұмыс жүргізілуде. Мысалға маскүнемдер мен отбасылық жанжалқойларды, бұрын сотталғандарды және басқа да санаттар бойынша полицияда есепте тұрған тұлғаларды тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеру күшейтілді.


 БАЯН БАЙҒАСКИНА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫС ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

- Іс-шараның негізгі мақсаты учаскелік полиция инспекторларына бекітілген әкімшілк аумақтарында тұрған тұрғындармен танысу. Сонымен қатар аталғаш шараны өткізу негізінде ішкі істер органдарында тізімдік есепте тұрған тұлғаларды тексеру. Осындай шараларды жүргізу барысында профилактикалық және есетік тізімде тұрған тұлғалардың 5 мыңнан астамы тексерілді.


 Іс-шараның негізгі мақсаты – халықпен қарым-қатынасты нығайту. Учаскелік полиция инспекторы кез-келген уақытта заңдылықпен, құқықтық тәртіпті сақтаумен байланысты мәселелерді шешуге әрқашан дайын екенін еске салады.