Облыстық кітапханада жастар үшін «21 ғасыр - есірткісіз ғасыр» атты квест ұйымдастырылды. Колледж, университет студенттері танымдық сұрақтарға жауап беріп, түрлі ойындар ойнады. Осылайша олар нашақорлыққа жоқ деп, саламатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты.


 Жастар бастамалары бөлімінің қызметкерлері облыстық кітапханамен бірлесіп студенттер мен еріктілер үшін квест-ойын өткізді. Ойын форматында квесттер әдеттегі дәрістерге қарағанда қызықты өткізіледі. Сөз жұмбақтар мен шара арқылы есірткінің зияны туралы дұрыс пікір қалыптастыруға көмектеседі.


ЕЛЕНА СКАКУНОВА, ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:

 -  Басты мақсатымыз жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттап, жаман әдеттен аулақ болуға шақыру. Сол себепті сұрақтар мен жұмбақтарды квест арқылы жасырып, олардың білімін барынша кеңейтуге тырыстық.


 Жалпы квестке 3 команда қатысты. Әрқайсысында 5 адамнан. Квест үшін есірткі тақырыбы бірінші рет таңдалғанын атап өткен жөн.


СВЕТЛАНА БАРЫШЕВА, ВОЛОНТЕР:

 -  Өкінішке орай бүгінгі күні есіркі қабылдайтын жастардың саны күннен күнге артып келеді. Оның арты жаман болатынын түсінбей жатады. Ал біз болсақ оларды түзу жолға түсуге шақырып, барынша қолдау көрсетуге әзірміз.


 Ұйымдастырушылардың сөзінше мұндай ақпараттық-ойын-сауық іс-шараларын жиі өткізу жоспарда бар.


Майгүл Сейілбек