«Бір тіл білсең – бір адамсың, екі тіл білсең – екі адамсың». Облыс орталығында 6 тілді жетік меңгерген полиглот әйел тұрады. Бүгінде полиглот әйел Чинара Қананқызы С.Мұқанов атындағы №32 мектепте ағылшын тілінен сабақ береді. Арна тілшілері әзірлеген бейнематериалға зер салайық.


Тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі. Чинара Қананқызы Сәбит Мұқанов атындағы №32 -ші мектепте ағылшын тілінен сабақ береді. Бүгінде ол 6 тілде еркін сөйлей алады. Ізденімпаз жан тіл меңгеруді бала кезінен бастаған екен.


ЧИНАРА ҚАНАНҚЫЗЫ, №32 ОРТА МЕКТЕПТІҢ МҰҒАЛІМІ:

- Мен 6 тілде еркін сөйлей аламын. 2 тілді мектепте, 2 тілді университетте үйрендім. Ал қалған 2 тілді ата-анам үйретті. Тілдерді білу- заман талабы деп санаймын. Егер адам өзін өзі құметтесе, басқа тілдері ді құрметтейді.


Ұстаздан шәкірт озар. Мелина Меркури - Чинара Қананқызының шәкірті. Бұрымды қыз 5 тілді меңгерген екен. Болашағынан зор үміт күттіретін 16 жасар қыздың арманы- әуе борт серегі болу. айтып берді.


 МЕЛИНА МЕРКУРИ, №32 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ:

-  Мен орыс, албан, грек және ағылшын тілдерін білемін. Қазір қазақ тілін үйреніп жүрмін. Бұрын неміс, түрік, испан тілдерін оқыдым. 7 жасыма дейін Грецияда тұрдым. Кейін Албанияға көшіп, онда 7 жыл тұрдық. Ал, ағылшын тілін 1 сыныптан бастап меңгере бастадым. 


«Бір тіл білсең – бір адамсың, екі тіл білсең – екі адамсың». Мелина Меркурий мұны дәлелдеген қыз. Ол өзін түрлі тілде таныстырып берді.


 Мелина Меркурий тіл үйрену үшін ең бастысы ынта болса болғаны дейді. Айта кетейік, ол бүгінде қазақ тілін меңгеріп жүр. Ол мұнымен тоқтап қалмақ емес. Әлі алда испан және француз тілдерін үйренгісі келеді.


Жангелді Жамалиев